Экономика

Қазақстанда орманшылардың жалақысы көтеріледі

© Sputnik / Серикжан КовланбаевАқша
Ақша - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Орман шаруашылығы қызметкерлерінің еңбекақысын 25 пайызға көтеру нормасы 2019 жылдан бастап күшіне енеді

АСТАНА, 22 қараша – Sputnik. Бүгін ОКҚ-де өткен брифингте ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының орынбасары Қайрат Үстеміров орманшылардың әлеуметтік жағдайын көтеру бағытында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Оның айтуынша, 2019 жылдан бастап орман шаруашылығы қызметкерлерінің жалақысы 25 пайызға артады. 

ақша - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Министр: ұстаздар мен тәрбиешілерге жалақы төлеу жүйесі өзгереді
"Бүгінде ең төменгі жалақы ауыл шаруашылығы, балық және орман шаруашылығында тіркелген. Мұны статистика да растайды. Яғни, орманшылардың жалақысы 30-40 мың теңге шамасында, мәселен ұлттық парк директоры небәрі 80 мың теңге алады. Ал, қарап отырсаңыз, оның қарауында 1000 гектарға жуық аумақ бар. Осыған байланысты биыл қабылданған заңға Ұлттық парк қызметкерлерінің, орманды қорғау мекемелерінің жалақысын 25 пайызға көтеру нормасын енгіздік. Бұл норма 2019 жылдан бастап күшіне енеді", — деді төраға орынбасары. 

Сондай-ақ, Үстеміров қосымша ақы енгізу де жоспарланып отырғанын айтты. 

"Бұл да жалақыны шамамен 40 пайызға көтеруге мүмкіндік береді", — деді ол.


Жаңалықтар
0