Қоғам

"Жұмысты сағындым": Нұрлан Нығматулин денсаулығы туралы айтты

© Photo : пресс-служба мажилиса парламента РКНұрлан Нығматулин
Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бір айдай жұмыста болмаған мәжіліс төрағасы бүгін жалпы отырысты өзі өткізді

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Жүрегіне операция жасалған мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин денсаулығы жақсы екенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Парламент мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрлан Нығматулиннің жүрегіне ота жасалды

Нығматулин бір айдай төменгі палатаның отырыстарына қатысқан жоқ. 16 қараша мәжілістің баспасөз қызметі депутаттың жүрегіне ота жасалғанын хабарлады. 

"Бәрі жақсы, үлкен рахмет. Бәріңізге денсаулық тілеймін", — деді Нығматулин отырыстан кейін денсаулығын сұраған журналистерге. 

БАҚ өкілдері төрағадан "жұмысты сағындыңыз ба?" деп сұрады. 

"Әрине, көрінбей тұр ма?", — деп күлді ол. 


Жаңалықтар
0