Экономика

Грузия Қазақстанға 38 миллион доллар қарыз

© Sputnik / Владимир Трефилов / Медиабанкке өтуАқша, архив суреті
Ақша, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл берешекті Грузия үкіметі 2025 жылға дейін өтейді

АСТАНА, 22 қараша — Sputnik. Грузия 38 миллион  долларға жуық Қазақстанға берешегін 2025 жылға дейін төлейді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Доллар - Sputnik Қазақстан
Экономика
Парламент Азия даму банкінен $240 млн қарыз алу жөніндегі келісімді ратификациялады

Бүгін мәжіліс Қазақстан үкіметі мен Грузия үкіметі арасындағы Қазақстанның Грузияға берген мемлекеттік кредиттері бойынша Грузия үкіметінің берешегін қайтадан құрылымдау туралы келісімді ратификациялау туралы заң жобасын мақұлдады. 

Қаржы министрі Бақыт Сұлтановтың баяндауынша, Грузия жиырма жыл бұрын Қазақстаннан 27 миллион АҚШ долларынан астам қарыз алған. 

"Ол 1992-1993 жылдары екі елдің ұлттық банктері арасында өзара есеп айырысу нәтижесінде пайда болды және мемлекеттік кредит ретінде қайта рәсімделді. Қайтадан қайта құрылымдау туралы келісімге сәйкес Грузия тарапы Қазақстан алдындағы берешегін бірнеше шартқа сәйкес өтейді", — деді Сұлтанов. 

"Біріншіден, Грузияның негізгі борышы Қазақстан және Грузияның ұлттық банктері арасындағы акті бойынша 2,3 миллион АҚШ долларын құрайтын Қазақстанның баламалы берешегі сомасына қысқартылады. Екіншіден, жылдық проценттік ставкасы 4 % мөлшерінде сақталады. Үшіншіден, берешекті өтеу кестесі бұрынғы кестенің мерзімі кешігуінен жиналған өсімпұлды есепке алмайды және Париж клубы ұсыныстарына сәйкес ұзартылады", — деді министр. 

Осылайша биылғы жылы екі ел үкіметінің арасында жасалған келісімге сәйкес Грузия 2017-2025 жылдар ішінде  Қазақстанға 37 миллион 997 мың  АҚШ доллар қарызын төлейді. 

"Грузияның экономикасында біраз қиыншылықтар болғаннан кейін Грузия тарапынан осындай ұсыныстар түсті. Бұл мәселе Париж клубының ұсыныстары негізінде қаралды", — деп атап өтті Сұлтанов.

Жаңалықтар
0