АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Ақмола облысы аудандық электр желісінің басшысы оқушының тоққа түсіп қаза тапқаны үшін сотталды, деп хабарлады облыстық сот баспасөз қызметі.
Тергеу дерегі бойынша, Астрахань аудандық электр желісі басшысы қызметтік нұсқаулықты бұзып, электр құрылғысының жапқышы бар-жоғын тексермеген. Негізінде энергетикалық компания басшылығы оны мектеп жанындағы құрылғының заңсыз кіруден қорғалғанын тексеруге жіберген екен.
Сотталушының өз міндетіне салғырт қарауы салдарынан Степной ауылындағы трансформаторлық станциясында жапқыш құрылғылар орнатылмай, кәмелеттік жасқа толмаған бала тоққа түсіп қаза тапты.
Күдікті прокуратурамен процестік келісімге келді. ҚР ҚК 254-бабы бойынша айыпты екенін мойындаған.
Астрахань соты 44 жастағы сотталушыны айыпты деп танып, 1 жарым жылға бас бостандығын шектеді.