Қоғам

Саша Барон Коэн Астанада "Бораттың киімімен" суретке түскен туристерге араша түсті

© AP Photo / Chris CarlsonБритандық комик Саша Барон Коэнның ойдан шығарған персонажы - Борат Сағдиев
Британдық комик Саша Барон Коэнның ойдан шығарған персонажы - Борат Сағдиев - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Актер шетелдіктердің айыппұлын төлеуге әзір екенін жеткізген

АСТАНА, 21 қараша — Sputnik. Қазақстанда "Борат" фильмі бойынша танымал британдық актер және комик Саша Барон Коэн Астанада жасыл түсті суға түсетін киіммен суретке түскен чехиялық туристерге араша түсті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Астанада болған бұл оқиға туралы актер жаңалықтардан көріп, әлеуметтік желіде туристерді қолдап жазба қалдырған.  

"Ұсталған чехиялық достарыма айтарым, өздеріңе қатысты деректерді маған жіберіңіздер, мен сіздердің айыппұлдарыңызды төлеймін", — деп жазған Коэн. 

Ол тіпті осы мақсатта арнайы электрондық пошта ашқан — arrestedforwearingyourmankini@gmail.com ("Манкини-кигені-үшін-ұсталды").

Еске сала кетейік, Чехия азаматтары "Борат" фильмінің бас кейіпкерінің киімін киіп алып, Астанада бейәдеп суретке түскен еді. Бұл ақпаратты қаланың ішкі істер департаменті растады. 10 қарашада Астана полициясы қоғамдық жерде жартылай жалаңаш күйінде ұсталған Чех Республикасының азаматтарына қатысты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырып, оларға айыппұл салды. 

Ішкі істер департаменті Sputnik Қазақстанға хабарлағандай, сот өтіп, шетелдіктер айыппұлды төлеп, Қазақстаннан ұшып кеткен. 


Жаңалықтар
0