Әлем

Енді тәжіктер президенттің кітаптарын радиодан тыңдайды

© Амир Исаев / Медиабанкке өтуТәжікстан. Архивдегі фото
Тәжікстан. Архивдегі фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Президенттің туындыларын радиодан таратудан бас тартқан радиокомпания лицензиясынан айырылмақ

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Енді тәжіктер ел президенті Эмомали Рахмонның шығармаларын радиодан тыңдайды. Тәжікстан билігі мемлекеттік және жекеменшік радиокомпанияларды осыған міндеттеді, деп хабарлайды lenta.ru.

Тәжікстанның телевизия және радиохабар тарату комитеті «бұл әр азаматтың сана-сезімі мен отансүйгіштік сезімін көтереді» деген пікірде. 

Латын әліпбиінде басылып шыққан Нұрсұлтан Назарбаевтың Жылдар мен ойлар кітабы - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы латын әліпбиінде басылып шықты
«Точикистон» мемлекеттік радиосының директоры Фарруха Зиееваның айтуынша, радиостанция екі кітапты жазып үлгерген: «Тәжіктер – тарих айнасында» және «Ұлттың тілі – ұлттың болмысы».

Дереккөздің хабарлауынша, егер радиокомпания мемлекет басшысының туындыларын радиодан таратудан бас тартса, онда ол лицензиядан айырылады. 

«Озоди радиосының» ақпаратынша, Эмомали Рахмон 20-дан аса кітап жазған. 2016 жылдың қарашасында Гиссаре қаласында «Тәжіктер – тарих айнасында» кітабына салмағы бір тонна ескерткіш орнатылды. Кітап 2002 жылы жарық көрген, орыс, ағылшын, неміс, араб, қытай, парсы және француз тілдерінде басылып шықты.

 


Жаңалықтар
0