Видео

Қырғыз журналисі Атамбаевтан сағатын сұрап алды

Жазылу
Қырғызстанда шығатын "Де-Факто" газетінің бас редакторы Амантұр Мұсағұлов қызметінен кетіп бара жатқан Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаевтан қол сағатын сыйға сұрап алды

Дүйсенбі күні таңертең Атамбаев қоштасу баспасөз конференциясын өткізді.  

 Sputnik Қырғызстан хабарлағандай, Мұсағұлов Атамбаевқа түнде түсінде президенттің қол сағатын сыйға алып жатқанын көргенін айтты.   

"Сізден естелікке сағатыңызды сұрағым келіп тұр", — деді Мұсағұлов.

Атамбаев сағатын шешіп, оған сыйға тартты. "Аман бол, Амантур!", — деді ол журналиске.

Қырғызстан басшысы "бақытыма қарай, журналистің түсіне президенттің костюмі кірмепті" деп қалжыңдады.   


Жаңалықтар
0