Өңірлер

Синоптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

© Sputnik / Болат ШайхиновАуа райы
Ауа райы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазгидромет 21-23 қараша аралығындағы ауа райына болжам жасады

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері ауа райы жауын-шашынсыз, жылы болады.

Тұман - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

"Қазгидромет" РМК ақпаратынша, Қазақстанға Месопотамия аудандарынан ығысқан ауа массасының әсерінен республикада қараша айының соңына дейін күн жылы болады. Демалыс күндері ауа температурасы нормадан  4… 9 градус нормадан жоғары болды, тек оңтүстік аймақта сынап бағанасы нормадан 1… 2 градус төмен температураны көрсетті.

"Алдағы үш тәулікте антициклон әсерінен еліміздің басым бөлігінде ауа райы жауын-шашынсыз,  ауа температурасы климаттық нормадан 4… 10 градусқа дейін жоғары болады. Тек батыс және солтүстік-батыс облыстарда кей жерлерде жаңбыр мен қар жауады деп болжануда", — делінген хабарламада.

Жаңалықтар
0