Саясат

Атамбаев қазақ-қырғыз қарым-қатынасының болашағы туралы айтты

Жазылу
Нұрсұлтан Назарбаевтың президенттікке үміткер болған Өмірбек Бабановпен кездесуі Алмазбек Атамбаевтың ашуын туғызған еді

АСТАНА, 20 қараша — Sputnik. Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев қорытынды баспасөз-мәслихатында Қазақстанмен қарым-қатынас перспективасына тоқталды, деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан

Қазақ-қырғыз шекарасындағы проблемалар 10 қазанда басталған болатын. 

"Астанамен жағдай жақсарады, бұл олар үшін де маңызды. Мен дұрыс істедім деп ойлаймын, келесі сайлауда өз пікірін тықпаламайтын болады. Бір жылдары парламент сайлауында Қазақстан ҰҚК қызметкері ақша таратқан кездер де болды. Содан кейін біз оған елге кіруге тыйым салдық», — деп мәлімдеді Қырғызстан президенті. 

Естеріңізге салып өтсек, президент сайлауы кезінде кандидат Өмірбек Бабановтың Қазақстан басшысы Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесуі  Атамбаевтың ашуына тиген еді. Осыдан кейін ол Қазақстанның билігін сынға алды. Тура үш күннен кейін қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кезек түзіліп, түрлі проблемалар басталды.

Жаңалықтар
0