Фотоаппарат - Sputnik Қазақстан
Фото
Әлем және Қазақстан жаңалықтары - суреттер сөйлейді

Әлемнің ең сұлу аруы – Мануши Чхиллар

Жазылу
Үндістан аруы Мануши Чхиллар "Әлем аруы-2017" сұлулық байқауында жеңімпаз атанды

Конкурс сенбі күні кешке Қытайдың Санья қаласында Хайнань тропикалық аралында болды. Sputnik Қазақстан ай десе ауызы, күн десе көзі бар үнді қызы туралы фотолента әзірледі. 


© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURIӘлемнің ең сұлу аруының арманы – кардиохирург болу, ол ауылдарда қайырымдылық ауруханасы желісін ашқысы келеді. Әзірше үнді қызы қайырымдылық жасап, адамдарды жан күйзелісі мен жүрек дертінен айықтыруда. Мануши Чхиллар – медициналық колледждің студенті.
Әлем аруы-2017 Мануши Чхиллар - Sputnik Қазақстан
1/10
Әлемнің ең сұлу аруының арманы – кардиохирург болу, ол ауылдарда қайырымдылық ауруханасы желісін ашқысы келеді. Әзірше үнді қызы қайырымдылық жасап, адамдарды жан күйзелісі мен жүрек дертінен айықтыруда. Мануши Чхиллар – медициналық колледждің студенті.
© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURIЖеңімпазға тәжді "Әлем аруы - 2016" Стефани Дель Валле кигізді.
Әлем аруы-2017 Мануши Чхиллар - Sputnik Қазақстан
2/10
Жеңімпазға тәжді "Әлем аруы - 2016" Стефани Дель Валле кигізді.
© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURIХалықаралық сұлулық байқауында екінші орынды мексикалық Андреа Мезе (сол жақта), үшінші орынды – ұлыбританиялық Стефани Хилл (оң жақта) алды.
Әлем аруы-2017 Мануши Чхиллар - Sputnik Қазақстан
3/10
Халықаралық сұлулық байқауында екінші орынды мексикалық Андреа Мезе (сол жақта), үшінші орынды – ұлыбританиялық Стефани Хилл (оң жақта) алды.
© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURIКүн көзіндей көрікті мына бір ару – 22 жастағы plus size модель Стефани Хилл, өз отанындағы көптеген байқаулардың жеңімпазы, "Англия аруы-2017" иегері.
Стефани Хилл - Sputnik Қазақстан
4/10
Күн көзіндей көрікті мына бір ару – 22 жастағы plus size модель Стефани Хилл, өз отанындағы көптеген байқаулардың жеңімпазы, "Англия аруы-2017" иегері.
© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURI "Әлем аруы" конкурсы Қытайдағы табиғаты тамсандырар Хайнань тропикалық аралында өтті.
Әлем аруы конкурсы - Sputnik Қазақстан
5/10
"Әлем аруы" конкурсы Қытайдағы табиғаты тамсандырар Хайнань тропикалық аралында өтті.
© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURIӘлемнің ең сұлу аруы атағына таласуға Хайнань аралына 118 елден 18 бен 26 жас аралығындағы қыздар келді.
Әлем аруы конкурсы - Sputnik Қазақстан
6/10
Әлемнің ең сұлу аруы атағына таласуға Хайнань аралына 118 елден 18 бен 26 жас аралығындағы қыздар келді.
© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURIҚасы-көзі қиылған, қыпша бел бойжеткен – "Франция аруы" Аврора Киченин сұлулық байқауының үздік бестігіне кірді.
Франция аруы  Аврора Киченин - Sputnik Қазақстан
7/10
Қасы-көзі қиылған, қыпша бел бойжеткен – "Франция аруы" Аврора Киченин сұлулық байқауының үздік бестігіне кірді.
© REUTERS / STRINGERМануши Чхиллар дәрігерлер отбасында дүниеге келген, ата-анасының жолын қууды көздейді. Қолаң шашты, қаракөз ару парапланмен ұшу, үнді биін билеу, сурет салумен айналысып қана қоймай, ағылшын және хинди тілдерін меңгерген. ИМАНИЯ - ЭТО ИЗОБРАЖЕНИЯ ПРЕДОСТАВЛЯЕТСЯ ТРЕТЬЕЙ СТОРОНОЙ. КИТАЙ.
Мануши Чхиллар - Sputnik Қазақстан
8/10
Мануши Чхиллар дәрігерлер отбасында дүниеге келген, ата-анасының жолын қууды көздейді. Қолаң шашты, қаракөз ару парапланмен ұшу, үнді биін билеу, сурет салумен айналысып қана қоймай, ағылшын және хинди тілдерін меңгерген. ИМАНИЯ - ЭТО ИЗОБРАЖЕНИЯ ПРЕДОСТАВЛЯЕТСЯ ТРЕТЬЕЙ СТОРОНОЙ. КИТАЙ.
© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURIҮздік ондыққа Индонезия, Ресей, Оңтүстік Корея, Ямайка, ОАР, Кения және Франция елдерінің арулары енді. Еліміздің намысын қорғаған Гүлбану Әзімханова ТОП-40 ішінде.
Әлем аруы конкурсы - Sputnik Қазақстан
9/10
Үздік ондыққа Индонезия, Ресей, Оңтүстік Корея, Ямайка, ОАР, Кения және Франция елдерінің арулары енді. Еліміздің намысын қорғаған Гүлбану Әзімханова ТОП-40 ішінде.
© AFP 2024 / NICOLAS ASFOURIАрулар сайысы 1951 жылдан бастап жылма-жыл өткізіліп келеді. Халықаралық сұлулық байқауының биылғы мақсаты – адамзаттың болашағы ретінде балаларға жәрдем көрсету жобасын әзірлеу.
Әлем аруы конкурсы - Sputnik Қазақстан
10/10
Арулар сайысы 1951 жылдан бастап жылма-жыл өткізіліп келеді. Халықаралық сұлулық байқауының биылғы мақсаты – адамзаттың болашағы ретінде балаларға жәрдем көрсету жобасын әзірлеу.
Жаңалықтар
0