АСТАНА, 19 қараша — Sputnik. Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде ау арайы жауын-шашынды болады, тек батыста, оңтүстік-шығыста күн ашық. Республиканың кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді – 15-20 м/с, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді.
Қызылорда, Солтүстік-Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерінде тұман түседі, таңертең және күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.
Павлодар облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз кей жерлерінде көктайғақ болады.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз жел 15-20 м/с күшеюі мүмкін.
Атырау, Батыс Қазақстан, түнде Алматы облыстарында тұман түседі.