АСТАНА, 18 қараша – Sputnik. Алматыда жеке секторда өрт шықты, деп хабарлайды құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Мұқанов және Бөгенбай батыр көшелерінің қиылысында өрт шықты. Тұрғын үйдің шатыры жанып кетіпті. Өрт біртіндеп, көрші үйге ұласып, мереке ұйымдастырумен айналысатын фирманың қоймасын шарпыған.
Жол полициясы қызметкерлері жиырмадан астам оттегі және гелий баллонын алып шықты.
Төтенше жағдайлар жөніндегі департамент баспасөз қызметі хабарлағандай, өрт сөндірушілер бес минут ішінде оқиға орнына жеткен.
Өрт аумағы үш жүз шаршы метрді құрады. Өрт себебі анықталуда. Бастапқы деректер бойынша, ешкім зардап шекпеді.