"Халықтар достығын қолдайтын болсаң, мені құшақта" деп жазылған плакатпен жас жігіт Бішкек қаласының көшесіне шықты.
"Біз халықтар достығын қолдаймыз", — деп жазды immal1k есімді қолданушы Instagram желісіне видеоны жүктеп.
Әлеуметтік желінің өзге де қолданушылары флешмобты қолдап, Алматы мен Астана қалаларында да өткізуді ұсынды.