Қоғам

Бас прокуратура өз қатарын тазартуға кірісті

© SputnikҚР Бас прокуратурасы
ҚР Бас прокуратурасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
12 прокурор тексерістен кейін жұмыстан шығарылған

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Осы жылы Бас прокуратураға қарасты департамент 191 тексеріс шарасын жүргізді. Нәтижесінде 12 прокурор жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі

Биыл маусым айында Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік басқармасы Ішкі тергеп-тексеру департаменті болып қайта құрылған. Штат құрамындағы қызметкерлердің саны екі есеге, 6-дан 13-ке ұлғайды. Құрылымдық бөлімшеге тергеу саласында мол еңбек тәжирибесі бар қызметкерлер алынды. Департаментте қылмыстық істерді тергеумен айналысатын арнайы прокурорлар тобы құрылды. 

Жоғарыда аталған шаралар негізінде ішкі қауіпсіздік саласы ұйымдастырушылық және кадрлық жағынан біршама нығайды.

Наручники  - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Алматыда Бас прокуратура қызметкері мен тергеуші қамауға алынды
Баспасөз қызметінің ақпаратынша, департамент биыл 191 тексеру шарасын жүргізді. 90 прокурор түрлі жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 12-сі жағымсыз себептермен, 6-ы лауазымына сай болмауына байланысты жұмыстан шығарылды, сондай-ақ 15-і қызметіне сай еместігі анықталды. Қалғандары әртүрлі дәрежедегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

40 қызметкер Ар-намыс кодексінің талаптарын бұзғаны үшін жауапқа тартылды.    

«Бұған қоса, осы жылдың өзінде 10 қызметкерге қатысты қылмыстық іс тіркелді, оның 7-і – басшылық лауазымдағы тұлғалар. Қазіргі таңда 2-уі сотталды, 3 іс соттың қарауында, ал қалған 5-уін арнайы прокурорлар тергеуде. Өткен бес жылдың барлығын қоса алғанда, прокурорларға қатысты небәрі 7 қылмыстық іс қозғалған», — делінген хабарламада.

Прокуратура жұмысы мазмұнының түбегейлі өзгеруі мен қызметкерлерге қойылатын талаптардың күшеюіне байланысты көптеген қызметкер өз еркімен жұмыстан кеткен.  

«Өз қатарымызды тазалау – прокуратура қызметінің жаңа үлгісінің бағыты. Оның басты мақсаты – әділ, тиімді әрі айқын прокуратура құру», — деп мәлімдеді баспасөз қызметі.


Жаңалықтар
0