Өңірлер

Қарағандылықтар "жолдағы жаралыларға" көмектеспей өтіп кетті

© Photo : Местная полицейская служба ДВД Карагандинской областиҚарағандыда жол апатынан жарақаттануға қатысты ерекше акция өтті
Қарағандыда жол апатынан жарақаттануға қатысты ерекше акция өтті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Полицейлер ерекше акция ұйымдастырды

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Қарағандыда жол апатынан жарақаттануға қатысты ерекше акция өтті, деп хабарлайды облыстың жергілікті полиция қызметі. 

Акцияны полицейлер мен Қызыл крест және қызыл жарты ай халықаралық қозғалысының Қарағандыдағы филиалының мамандары ұйымдастырды. Олар қарағандылықтардың зардап шеккендерге алғашқы көмек көрсете алатынын не алмайтынын тексерді. 

Акция қатысушылары халық көп жүретін көшелердің бірінде жол апатынан жараланған кейіп танытты. Айнала қан, жаралы адамдар – бәрі нағыз жол апатына ұқсады. Еріктілер «оқиға орнына» гриммен келді, жеңіл көліктегі жолаушылардың бірінің «аяғы сынған», қалғандары жаралы. 

"Еріктілердің бірі жол жиегінде көмек сұрап, көлік тоқтатуға тырысты. Алайда жүргізушілер "жаралы" адамдарды көргенімен тоқтамастан жүріп кетті. Кейбірі терезеден "полицейлерді шақыр, олар көмектеседі" деп  айғайлаған. Әлуметтік желіде көбірек "лайк" жинау үшін "жол апатын" камерасына түсіріп алғандар да кездесті", — делінген хабарламада. 

© Photo : Местная полицейская служба ДВД Карагандинской областиАйнала қан, жаралы адамдар – бәрі нағыз жол апатына ұқсады
Айнала қан, жаралы адамдар – бәрі нағыз жол апатына ұқсады - Sputnik Қазақстан
1/3
Айнала қан, жаралы адамдар – бәрі нағыз жол апатына ұқсады
© Photo : Местная полицейская служба ДВД Карагандинской областиАкцияны полицейлер мен Қызыл крест және қызыл жарты ай халықаралық қозғалысының мамандары ұйымдастырды
Акцияны полицейлер мен Қызыл крест және қызыл жарты ай халықаралық қозғалысының мамандары ұйымдастырды - Sputnik Қазақстан
2/3
Акцияны полицейлер мен Қызыл крест және қызыл жарты ай халықаралық қозғалысының мамандары ұйымдастырды
© Photo : Местная полицейская служба ДВД Карагандинской областиАкцияның негізгі мақсаты - жол-көлік жарақатының алдын алу, жол қозғалысы ережесін сақтауды насихаттау, жол апаты санын азайту
Акцияның негізгі мақсаты - жол-көлік жарақатының алдын алу, жол қозғалысы ережесін сақтауды насихаттау, жол апаты санын азайту - Sputnik Қазақстан
3/3
Акцияның негізгі мақсаты - жол-көлік жарақатының алдын алу, жол қозғалысы ережесін сақтауды насихаттау, жол апаты санын азайту
1/3
Айнала қан, жаралы адамдар – бәрі нағыз жол апатына ұқсады
2/3
Акцияны полицейлер мен Қызыл крест және қызыл жарты ай халықаралық қозғалысының мамандары ұйымдастырды
3/3
Акцияның негізгі мақсаты - жол-көлік жарақатының алдын алу, жол қозғалысы ережесін сақтауды насихаттау, жол апаты санын азайту

Полицейлер алғашқы 15 минутта медициналық көмек өте маңызды екенін атап өтті. Жүргізушілердің дені автомектепте оқып жүрген кезінде алғашқы көмек көрсету курсынан өткенімен, акция барысында бәрі немқұрайлылық танытты.


Жаңалықтар
0