Қоғам

Қазақстандық броньды транспортер сынақтан өткізіліп жатыр

© Photo : АО "НК Казахстан инжиниринг""Барыс" брондалған доңғалақты машинасы
Барыс брондалған доңғалақты машинасы - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Зауыт сынақтары аяқталғаннан кейін броньды транспортерді Қазақстан Қорғаныс министрлігі әскери сынақтардан өткізеді

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Отандық «Қазақстан  Парамаунт инжиниринг» кәсіпорны  8x8 доңғалақ формуласымен «Барыс» броньдалған доңғалақты көлігін сынақтан өткізуге кірісіп кетті, деп хабарлайды «Қазақстан инжиниринг» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.

Броньды транспортерге қазақстандық зауыт жасаған 30 миллиметрлі 2A42 автоматты зеңбірегі және 7,62-мм  ПКТ пулеметі бар мұнара орнатылған.

Ақорда - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақстанда әскери қызмет өткеру ережелері өзгерді
Сынақ аяқталғаннан кейін аса қауіпті жағдайларда әскери сынақтардан өту үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің сарапшыларына беріледі.  Сынақ бағдарламасында штаттық қарудан күндіз де, түнде де ату көзделген. 

Брондалған автокөлік көп функционалды, мобильді, баллистикалық және минаға қарсы қорғаныс талаптарына жауап береді.

"Барыс" 8x8 алғаш  рет 2016 жылдың маусым айында Астана қаласында өткен IV Халықаралық "KADEX" қару-жарақ пен әскери-техникалық мүлік көрмесінде  көрсетілген болатын.


Жаңалықтар
0