АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. ҚР Президенті жанындағы мемлекеттік наградалар жөніндегі комиссия мемлекет басшысына марапатқа ұсынылатын үміткерлерді анықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Комиссия отырысы мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен өтті. Басқосуда мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің мемлекеттiк наградалармен марапаттау жөніндегі ұсыныстары қаралды.
Жиын қорытындысы бойынша комиссия мүшелері марапаттау үшін мемлекет басшысына ұсынылатын кандидаттарды анықтады.
Мемлекеттік наградаларды тапсыру рәсімі қалыптасқан дәстүрге сәйкес Тәуелсіздік күні қарсаңында өтеді.