АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Алматы полицейлері жалған БҰҰ нөмірі бар джипті айыппұл тұрағына әкелді, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаменті баспасөз қызметі.
Сыртқы істер министрлігінің хабарлауымен жергілікті полиция қызметі тұрғын үй кешенінің тұрағынан БҰҰ нөмірі бар Toyota Land Cruiser тапты, көлікке стробоскоп пен дыбыс қондырғысы орнатылыпты.
© Photo : Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметіЖалған БҰҰ нөмірі бар джип
Жалған БҰҰ нөмірі бар джип
© Photo : Алматы қаласы ІІД баспасөз қызметі
"Деректер базасын тексеру барысында көліктің жеке тұлға, Алматы қаласының 1973 жылы туған тұрғыны А. есімді азаматқа тиесілі екені анықталды", — деп мәлімет берді Алматы қаласы ІІД ЖПҚ басшысы Жасұлан Байкенов.
Оған қатысты екі әкімшілік хаттама толтырылып, жалпы сомасы 30 АЕК айыппұл салынды.
Көлік полиция айыппұл тұрағында тұр.