Әлем

Америкалық компания роботқа сальто жасауды үйретті

© // Еркен САЛИХОВРоботтар, архивтік сурет
Роботтар, архивтік сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
YouTube-те жарияланған ролик 8 сағат ішінде 700 мыңнан астам рет қаралды

АСТАНА, 17 қараша — Sputnik. Америкалық Boston Dynamics компаниясы Atlas роботын секіруге және сальто жасауға үйретті. Роботтың акробатикалық мүмкіндіктерін көрсетіп жатқан сәті түсірілген видео компанияның YouTube-тегі каналында жарияланды, деп хабарлайды РИА Новости.

Балаларға арналған робот - Sputnik Қазақстан
Видео
Жапондықтар ата-анаға көмекші болатын "бауырсақ" робот ойлап тапты

Бір минуттық роликте робот түрлі биіктіктегі кедергілерді бағындырып, артқа сальто жасады. Кейін бәрін сәтті орындадым дегендей екі қолын жоғары көтерді. Роликтің соңында роботтың құлап қалған сәті де көрсетілді. 

Сегіз сағат ішінде видео 700 мыңнан астам рет қаралған. 

Atlas роботы 2013 жылдан бері дайындалып келеді.

Жаңалықтар
0