Қоғам

Министр Қытайдағы қазақтар туралы: бірнеше адамға қатысты бізге мәлімет түсіп жатыр

© Sputnik / Болат ШайхиновҚазақстан мен Қытайдың тулары
Қазақстан мен Қытайдың тулары - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Бұл мәселе бойынша Қытайдың сыртқы істер министрлігімен диалог жүргізілуде

АСТАНА, 23 қазан — Sputnik, Айымгүл Әбіл. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Қытайда қиындыққа тап болған бірнеше адам бойынша ел билігінен мәлімет алып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Бізде үш-төрт азаматтың нақты аты-жөні, тұрып жатқан мекенжайлары бар. Осы азаматтардың мәселесін олардың алдында қойып жатырмыз. Олардан бізге мәлімет түсіп жатыр", — деді бүгін министр журналистерге. 

Министр бұл мәселенің өте күрделі екенін атап өтті. 

Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахмаанов - Sputnik Қазақстан
Саясат
Министр Қытайда қысым көрген қазақтардың мәселесі қалай шешіліп жатқанын айтты

"Күнделікті айналысамыз. Бұл мәселе бойынша Қытайдың сыртқы істер министрлігімен диалог жүргізілуде. Құрылтайдан кейін бізге бірнеше өтініш келіп түскен, біз оны егжей-тегжей қарастырып жатырмыз. Ол мәселелердің бәрін Қытай тарапының алдына қоямыз, оның ішінде Қазақстанда аккредитациядан өткен Қытайдың елшілігі бар, Алматыда бас консулдығы бар. Төтенше және өкілетті елшісі де осы мәселемен айналысады, ол кісінің алдына да қойғанбыз. Халықаралық конференция кезінде өздеріңіз де ол кісіге сұрақ қоюға мүмкіндіктеріңіз болды", — деді Әбдірахманов. 

Министр бұл өзге елдің ішкі мәселесі екенін, сондықтан араласуға мүмкіндік жоқ екенін айтты. Бірақ дипломатиялық келіссөздер жүргізіле береді.

"Елге қайтып келген отандастарымыздың Қытайдан келіп жатқан туыстары бар. Олар әлі Қытай азаматтары, қазақ азаматтығына өту тағы бір процесс, өздеріңіз түсінесіздер. Қытай елінің азаматы болса, басқа елдің ішкі саясатына араласуға мүмкіншілігіміз жоқ. Бірақ дипломатиялық арналар арқылы біз олармен тығыз байланыстамыз", — деді ол. 

Казахстанцы, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қандасымыз Қытай үкіметінің қазақтарға істеп отырған қиянатын Елбасыға жеткізді

"Бұдан бөлек, біздің министрліктегі консулдық қызмет департаменті қытай тарапымен жиі консультациялар өткізіп жатыр. Мысалы, осы аптаның басында министрлік делегациясы Қорғасқа барып, сол жердегі Қазақстан-Қытай шекарасындағы жағдаймен  танысты. Біз қытай тарапымен келісіп Үрімшіге барып, сол жердегі көп маңызды мәселені талқылауды жоспарлап отырмыз", — деп түйді сөзін Әбдірахманов. 

23 маусымда Астанада өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайында Германиядан келген қазақ Елбасыға Қытай үкіметінің ондағы қазақтарға қысым көрсетіп, қандастарымыздың құқықтарын таптап жатқанын жеткізген болатын. Нұрсұлтан Назарбаев бұл жағдайдан хабарсыз екенін айтып, Сыртқы істер министрлігіне мәселенің анық-қанығын анықтауды тапсырған еді. 

 


Жаңалықтар
0