Оқиға

Алматыдағы арнайы операция кезінде ұсталған азамат екі айға қамауға алынды

© Sputnik / Данияр ДауталиевКүдікті Дәурен Әлеуханов
Күдікті Дәурен Әлеуханов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қару-жарақты заңсыз сақтап, тасымалдаған күдікті екі ай абақтыда отырады

АСТАНА, 16 қараша — Sputnik. Алматыда сот арнайы операция кезінде ұсталған Дәурен Әлеухановты екі айға қамауға алу шешімін шығарды.

Алматыдағы арнайы операция - Sputnik Қазақстан
Оқиға
Алматыдағы арнайы операция: ұсталғандардан қару мен бронежилет табылды

23 жастағы Дәурен Әлеухановқа ҚР ҚК 287-бабы бойынша айып тағылған. Күдіктінің айтуынша, ұсталғаннан кейін бір жарым сағат бойы асфальтта жатыпты. Ұсталғанның адвокаты қамауға алудан басқа бұлтартпау шарасын қолдануды сұраған болатын.

Прокурордың сөзіне сүйенсек, Әлеуханов жүргізушінің орнында отырған. Көлікті тінту барысында жүргізуші орындығының астынан граната табылыпты.

12 қарашада Алматы орталығында арнайы қызметтер кешкісін операция жүргізді. Оқиға орнына атыс туралы хабар шыққан соң келіп жеткен тілшілер терезесі сынып, дөңгелегі жарылған көлікті көрген. Қасында автомат пен граната жатқан. Полиция келесі күні таңертең хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстанның 48 және 23 жастағы екі тұрғыны қару-жарақпен ұсталыпты.

Жаңалықтар
0