Қоғам

Орынбек: "Қалаулым" бағдарламасы жайлы министр менен бірінші естіп тұр екен

© Sputnik / Владислав ВодневОператор, архивное фото
Оператор, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ақпарат министрлігі атышулы "Қалаулым" бағдарламасын тексереді

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Белгілі блогер, заңгер Айгүл Орынбек ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаевқа "халықтың жанайқайын" жеткізіп, Еуразия арнасында шығатын атышулы "Қалаулым" бағдарламасын жабу мәселесін көтерген. 

Бұл туралы Айгүл Орынбек әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. 

"Нұр Отан" партиясында қабылдау өткізген министрге бейнебайланыс арқылы шыққан қоғам белсендісі көптен бері көтеріп жүрген мәселесін айтқан. 

"Қалаулым " бағдарламасы жайлы менен бірінші рет естіп тұр екен минстр мырза. Халықтың жанайқайын жеткіздім деп ойлаймын. Түркияның вице-премьері Numan Kurtuluş өз телеарналарына берген сұқбатында мынадай мәлімдеме жасады: "Бұл жағдай көптен менің бақылауымда. Көрген сайын көңілім түседі. Бұл біздің əдет-ғұрып, салт-дəстүрлерімізге, Анадолы топырағының мәдениетіне, түрік отбасы құрылымына сай емес. Иə, рейтингі жоғары және бұдан түсетін пайда да көп шығар, бірақ мұндай кірістің болғанынан болмағаны артық. Бұл түрлі программалар отбасы құндылығын, құрылымын, қадір —қасиетін түп-тұқиянымын жоқ қылады", — деп жазады Орынбек. 

"Бізде осылай жастар үшін алаңдайтын бір министрдің табылмағаны ма? Біраз дүние айтылды. Алдағы уақытта нəтижесін күтеміз", — дейді ол. 

Ал министр арнайы шағым түссе, міндетті түрде тексеріс жүргізілетінін айтқан. 

 

Жаңалықтар
0