Қоғам

"Халық банк" неліктен аспаннан ақша "жауғанын" түсіндірді

© Sputnik / Медиабанкке өту"Халық банк"
Халық банк - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Банк Ұлттық валюта күні құрметіне қызметкерлеріне тосын сый жасады

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Қазнетте "Халық банктің" фойесінде бір әйелдің «көктен жауған» банкноттарды қағып алып жатқан сәті түсірілген видео тарады. Банктің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне мұның себебін түсіндірді. 

Видео, болжам бойынша, смартфонның камерасына түсірілген. Роликтен бір әйелдің қызғылт түсті кабинканың ішіндегі батутта тұрып, жоғарыдан "жауып жатқан" ақшаны қағып алып жатқаны көрінеді.  

 

 

"Халык банк" қаржыгер күнін атап өтіп жатыр, банктің кез келген клиенті қанша ақша жинап үлгереді, соншасын алып кетеді", — деп жазылған видео астына. 

Телефон - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Астана тұрғыны банк операторын балағаттағаны үшін өтемақы төлейді
Банктің баспасөз қызметі Sputnik Қазақстан агенттігіне «ақша батуты» бас кеңсенің фойесінде қызметкерлердің көңілін көтеру үшін орнатылғанын мәлімдеді. 

"Әртүрлі елдің ақшасы бейнеленген қағаздар шын банкнот емес. Ұлттық валюта күні құрметіне тосын сый ұйымдастырдық. Бұл ішкі шара, тек қызметкерлерге ғана арналған", — деп хабарлады баспасөз қызметі. 

Бүгін елімізде Ұлттық валюта күні аталып өтіп жатыр. 1993 жылдың 15 қарашасында теңге айналымға енген болатын.


Жаңалықтар
0