"Егер біз өзімізді сыйламасақ, онда кім бізді сыйлайды?! Қарап отырсам, қазір бәрі Атамбаев аяғына жығылып кешірім сұрауы керек деп шулап жатыр. Мен не үшін кешірім сұрауым керек? Қырғызстанның басқа елдің ісіне араласпауды талап ететін заңдарын құрметтеу керектігі үшін бе? Кешірімді Атамбаев емес, басқа елдің ісіне араласатындар сұрауы керек", — деді Атамбаев.
Қазақстан мен Қырғызстан қарым-қатынасы қазанның басында, Қырғызстандағы президент сайлау алды науқаны кезінде шиеленісті. Алмазбек Атамбаевтың Қазақстанның саясаты туралы қатаң мәлімдемесінен кейін қазақ-қырғыз шекарасында проблема туындады. Қазақстан билігі заңсыз импортпен күресу мақсатында Қырғызстаннан тасымалданатын тауарларға бақылауды күшейтті.