Қоғам

Бекболат Тілеухан: Жақып Асановтай азаматтар көп болса екен!

© Photo : Генеральная прокуратура Республики КазахстанЖақып Асанов
Жақып Асанов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Депутат еліміздің бас прокурорының шешендігін жоғары бағалады

АСТАНА, 15 қараша — Sputnik. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында еліміздің бас прокуроры Жақып Асанов құқық қорғау қызметін жаңғыртуға арналған заң жобасы бойынша депутаттардың алдында баяндама жасады. Өз әдетінше бас прокурор қағазға үңілмей, жаңа заңның мән-мағынасын, жаңалығын егжей-тегжей түсіндіріп берді. Әрі бастан-аяқ қазақша сөйледі. Асанов мырзаның осы шешендігіне депутат Бекболат Тілеухан сүйсініп, "ең шешен қызметкер!" деген бағасын беріпті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Шешендік құр әдемі сөйлеу деп білу түбегейлі қате! Олай болса, асабадан шешен ешкім жоқ.

Шешендік — ойыңды анық, ұғынықты, әсерлі жеткізу. Мысалыңның діттегеніңе қызмет етуі. Айтарыңды айқын, егжей-тегжейлі білуің", — деп жазады Тілеухан әлеуметтік желідегі парақшасында.

Бекболат Тілеухан - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Бекболат Тілеухан министрге: ісіңізді жақсы білгеннен кейін сөйлете бергіміз келеді
Осы тұрғыдан депутат еліміздің бас прокурорының шешендігін жоғары бағалаған. 

"Ендеше, ҚР Бас Прокуроры нағыз шешен. Меніңше, ең шешен қызметкер! Әмбе екі тілге бірдей. (Көбімізге арман өте қызығарлық қабілет). Оған ведомостволық мүддеден мемлекет мүддесін жоғары қоя білетін азаматтығын қоссаң жүдә жадырамақпыз. Осы жерде әбден жауыр болғанда да тапталып, сүйкімі азайған мына сөзді қолдануға мәжбүрмін. "ОСЫНДАЙ АЗАМАТТАР КӨП БОЛСА ЕКЕН!", — дейді Тілеухан.

Бұған дейін Бекболат Тілеухан Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенованың кез келген сұраққа екі тілде де еркін жауап беретініне тәнті болған еді. 

"Ісіңізді жақсы біліп, екі тілде бірдей жосылып сөйлеп тұрғаннан кейін сізді сөйлете бергіміз келеді", — деген еді Тілеухан. 


Жаңалықтар
0