АСТАНА, 15 қараша— Sputnik. Қазақстан сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қазақстанның үкімет өкілі Парижден 65 миллион еуроға пәтер сатып алғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді.
Ең алдымен, ол жылжымайтын мүлік мемлекеттің ақшасына сатып алынбайтынын атап өтті.
Сонымен қатар Әбдірахманов әңгіме жеке инвестициялар туралы болса, ведомствода ондай ақпарат жоқ екенін айтты.
"Бізге ондай ақпарат берілмейді, ол еркін нарық", — деді ІІМ басшысы.
Бұдан бұрын БАҚ-та Қазақстан билік өкілі Франция астанасында пәтер сатып алғаны хабарланған болатын. Пәтерде бес жатын бөлме, SPA және тағы басқа арнайы бөлмелер бар.
Сән салтанатты үй қаланың басты сауда көшелері орналасқан "Алтын үшбұрыш" ауданындағы Авеню монтеньде, Елисей алаңына жақын жерде орын тепкен. Терезеден әйгілі Plaza Athénée бес жұлдызды қонақ үйі көрініп тұр.