Қоғам

Оңтүстік Кореяда қыз зорлаған шымкенттіктің ісіне қатысты СІМ түсініктеме берді

© AFP 2024 / Sebastian Kahnert / POOLкісен, архив суреті
кісен, архив суреті - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Оңтүстік Кореяда әйел зорлады деген күдікпен Қазақстан азаматы ұсталды

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Оңтүстік Кореяда қыз зорлады деген күдікпен ұсталған отандасымыздың ісіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

"Біз Оңтүстік Кореяның құқық қорғау органдары әйел зорлады деген күдікпен Қазақстан азаматын ұстағанын растаймыз. Корейлік тарап тергеуге байланысты бұл істің мән-жайын ашпай отыр", — деді ҚР Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің жетекшісі Әнуар Жайнақов. 

Оның айтуынша, бұл істі Оңтүстік Кореядағы Қазақстан елшілігі ерекше бақылауға алды. 

"Оңтүстік Кореядағы Қазақстан консулы ұсталған жігіттің туған-туыстарымен, осы істі жүргізіп жатқан прокурор және адвокатпен тұрақты түрде байланысып отыр", — деді ол. 

Бұған дейін бұқаралық ақпарат құралдарында 23 жастағы Шымкент тұрғынының Оңтүстік Кореяда 30 жастағы әйелді зорлады деген күдікпен ұсталғаны хабарланған болатын. Қазақстандық жігіт Оңтүстік Кореяға биыл ақпан айында кеткен. 


Жаңалықтар
0