Әлем

Ресейде жол апатына түскен қазақстандықтар бес күннен бері автобуста тұрып жатыр

© Photo : интернет-сообщество Барнаул22Алтай өлкесінде жол апатына ұшыраған қазақстандықтар қираған автобуста тұрып жатыр
Алтай өлкесінде жол апатына ұшыраған қазақстандықтар қираған автобуста тұрып жатыр - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жүргізушілер жол апатының мән-жайы әлі анықталмағандықтан Қазақстанға қайта алмай отыр

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Ресейдің Алтай өлкесінде жол апатына ұшыраған қазақстандықтар қираған автобуста бес күн тұруға мәжбүр болған. Бұл туралы әлеуметтік желідегі Barnaul 22 тобында куәгерлер хабарлады.    

Өскемен – Новосібір рейсін орындаған автобус,  жол апаты болған жер - Sputnik Қазақстан
Өңірлер
Ресейде Қазақстанның автобусы жол апатына ұшырады: үш адам қаза болды
Жолаушылардың бірі Барнауылға барар жолда, Алейск қаласына жақын маңдағы тасжолда мыжылған көлікте адамдар тұрып жатқанын көрген.   

"Мына автобуста суықта бес күннен бері үш ер адам – жүргізушілер тұрып жатыр. Олардың бірі зардап шеккен: апат кезінде аяғын жарақаттап алыпты. Бүгін күйеуіммен бірге Барнауылға жолға шыққан едік, оларды көріп, жанымыз түршікті. Оларды үйіне қайтармай отыр, Қазақстанда тұрады екен. Өйткені әскери прокуратура әлі тергеу жүргізбеген", — деп жазды куәгер дүйенбі күні кешке.  

© Photo : интернет-сообщество Барнаул22Алтай тұрғындары қазақстандықтарға азық-түлік жеткізді
Алтай тұрғындары қазақстандықтарға азық-түлік жеткізді - Sputnik Қазақстан
1/3
Алтай тұрғындары қазақстандықтарға азық-түлік жеткізді
© Photo : интернет-сообщество Барнаул22Ресейде жол апатына түскен қазақстандықтар автобуста бес күн түнеген
Ресейде жол апатына түскен қазақстандықтар автобуста бес күн түнеген - Sputnik Қазақстан
2/3
Ресейде жол апатына түскен қазақстандықтар автобуста бес күн түнеген
© Photo : интернет-сообщество Барнаул22Жол апаты болған жер
Жол апаты болған жер - Sputnik Қазақстан
3/3
Жол апаты болған жер
1/3
Алтай тұрғындары қазақстандықтарға азық-түлік жеткізді
2/3
Ресейде жол апатына түскен қазақстандықтар автобуста бес күн түнеген
3/3
Жол апаты болған жер
Әйел өз жазбасында жол бойындағы ер адамдардың тамағы мен сусыны таусылғанын жазыпты. Оның өтінішімен Алтай өлкесінің ондаған тұрғыны қазақстандықтарға азық-түлік пен ең қажетті заттарды жеткізген.   

Естеріңізге сала кетейік, 8 қараша күні қазақстандық автобус Алтай өлкесінде жол апатына ұшырады. Барнауылдан келе жатқан Toyota көлігі қарсы жолаққа шығып кетіп, қоршауға соғылған. Содан кейін Өскеменнен шыққан рейстік автобуспен соқтығысады. Ал автобус бір бағыттағы Renault көлігін ұрған. Апат салдарынан төрт адам:  Toyota жүргізушісі мен жолаушылары көз жұмды.   


Жаңалықтар
0