Әлем

Омбыда демографияны көтеру үшін Қазақстаннан ер азаматтар әкелу ұсынылды

CC0 / scottwebb / Қыз-жігіт
Қыз-жігіт - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Омбы қаласының мэрі болуға үміткер қазақстандық жігіттерді омбылық қыздармен таныстыру үшін би кештерін ұйымдастырмақшы

АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. Қазақстанның ер-азаматтары Омбы қаласындағы туу көрсеткішінің төмендеуі мәселесін шешіп береді, деп сенеді қаланың мэрі болуға үміткер Дмитрий Перевальский, деп жазады "СуперОмск" басылымы.

Еркек пен әйел - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Елімізде еркектердің 42 пайызы жыныстық жолмен берілетін ауруға шалдыққан

44 жастағы зейнеткердің пікірінше, қазақстандық жігіттерді арнайы көшіріп, Омск қаласында қыз-келіншектермен танысуға жағдай жасау керек.

"Жастарға отбасын құруды үйрету керек, олар мұны білмейді. Сондықтан Солтүстік Қазақстанға назар аударғанымыз жөн, ол жақта Омбы қаласына көшіп кеткісі келетін ер-азаматтар көп. Қалалық шенеуніктер курстар, жастар лагерлерін, би кештерін ұйымдастырып, омбылық қыздарды қазақстандық жігіттермен таныстыру қажет", — деп мәлімдеді Перевальский.

Саясаткер қаладағы қыз-келіншектердің өмірлік жарын таба алмай жүргеніне қатты налиды, себебі ерлердің біразы түрмеде, біразы вахталық жұмысқа орналасқан, ал қалғандары "алқаштар, наркомандар, арамтамақтар".

Омбы қаласының мэрі атануға 37 адам үміткер болып отыр. Омбылық саясаткердің бұл өтінішіне Солтүстік Қазақстандағы ер-азаматтар қалай қарайтыны әлі белгісіз.

Жаңалықтар
0