АСТАНА, 14 қараша — Sputnik. "Қайрат" ФК жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин клубпен келісімшартын тағы бір жылға ұзартты, деп хабарлады клубтың ресми сайты.
"Қайрат" келісімшартты тағы бір жыл ұзартуға ұсыныс жасағанына ризамын. Алматы қаласы жаныма жайлы, клубқа пайдамды тигіземін деп үміттенемін, клуб үшін, команда үшін қажетім бар болса, қала бергім келеді", — дейді Аршавиннің өзі.
Алматы клубының құрамында Андрей Аршавин осымен екі маусым ойнап жүр. Жартылай қорғаушы 71 матчта 21 рет гол соққан.