АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Алматыда екі баланы өлтіруге қатысты іс қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотқа түсті.
Соттың мәліметінше, күдікті Алла Волченко мен Эмиль Гильмутдиновтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 15 қарашаға белгіленді.
Еске сала кетейік, 11 қыркүйекте Түрксіб ауданындағы пәтерлердің бірінде тоңазытқыштан екі баланың денесі табылған болатын. Аталған дерек бойынша тергеу жүргізілуде. Бұған дейін осы пәтерді үш баласы бар әйел адам жалдап тұрыпты.
Кейінірек Алматы полициясы екі баланы өлтірді деген күдікпен ер адамды ұстады. Ол 29 жастағы Өзбекстан азаматы екен, балалардың анасымен бірге тұрған. Сонымен бірге, ер адаммен қатар ұсталған балалардың анасы Алла Волченко да тергеліп жатыр.
Полицияның мәліметінше, егіздер 2016 жылы 12 шілдеде дүниеге келген.