Өткен сенбіде футбол сүйер қауымның назары Ресей және Аргентина құрамалары арасында Мәскеудегі атақты "Лужники" стадионында өткен жолдастық кездесуде болды.
Дәл осы алаңда 2018 жылы әлем чемпионатының ашылуы мен финалы өткізілмек.
Теңбіл дом шебері Мессидің, сенімді қақпашы Акинфеевтің, көрермен лық толы трибуналардың айшықты суреттері мен Ресей және Аргентина арасындағы жолдастық кездесудің есте қаларлық сәттерін Sputnik Қазақстан фотолентасынан тамашалаңыздар.

Ресей және Аргентина құрамаларының жолдастық кездесуі 2018 жылғы әлем чемпионатына орай жөндеуден өткізілгеннен соңғы "Лужники" спорттық аренасында өткізілген алғашқы матч болды.

Жанкүйерлердің көпшілігі аты аңызға айналған футболшы Лионель Мессимен кездесуге асықты.

Жаңартылған стадионға 81 мың көрермен сыяды. Трибуналарда бұл жолы 78750 адам отырды – бұл Ресей құрамасының өз алаңындағы матчы үшін рекорд.

Ресей құрамасы жолдастық кездесу кезінде аргентиналықтардан 0:1 есебімен ұтылып қалды.

Осы кездесуде Игорь Акинфеевтің қақпасына кірген жалғыз голдың авторы – қонақтардың шабуылшысы Серхио Агуэро.

Лионель Месси – матчтың ең басты жұлдызы.

2018 жылғы әлем чемпионатының ресми добы - Telstar 18.

8/12
© Sputnik / Григорий Сысоев
Жанкүйерлер ойыншыларға барынша қолдау көрсетіп, қақпа маңындағы әр қауіпті шабуылға өре түрегеліп отырды.

РФ үкімет басшысы Дмитрий Медведев Ресей-Аргентина жолдастық кездесуін тамашалады.

Солдан оңға қарай: Лионель Месси (Аргентина), Дмитрий Полоз (Ресей) және Денис Глушаков (Ресей).

Аргентина құрамасы бір-бірін жеңіспен құттықтауда.

Естеріңізге сала кетейік, футболдан 2018 жылғы әлем чемпионаты 14 маусымда басталады.
