АСТАНА, 13 қараша — Sputnik. Полиция Республика алаңы, президент резиденциясы мен қала әкімдігіне жақын жерде екі ер адамды ұстады. Sputnik Қазақстан тілшісі хабарлағандай, жол талғамайтын қара Toyota Land Cruiser 100 Фурманов көшесінде Сәтпаев көшесімен қиылыстан оңтүстікке қарай жүз метрдей жерде тұрыпты.
© Sputnik / Серикжан КовланбаевАлматыдағы арнайы операция
Алматыдағы арнайы операция
© Sputnik / Серикжан Ковланбаев
Құқық қорғау органдары ресми хабарлама беруден бас тартты. Жол талғамайтын көліктің екі дөңгелегі жарылған, бүйір және алдыңғы терезелері сынған.
Көлік жанында қару болған, Калашников автоматына ұқсайды (шын қару ма, жоқ па, әлі белгісіз) және гранатаға ұқсас зат жатыпты.
Ұсталған екі азаматтың бет-ауызы қан болған.
Бұдан бұрын Алматы ІІД ресми өкілі Салтанат Әзірбек атыс туралы ақпаратты жоққа шығарды.