Спорт

Қазақ боксшысы кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа жіберді

Жазылу
Екібастұздық спортшы үшінші раундта жеңіске жетті

АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. Павлодар облысынан шыққан боксшы Мұса Тұрсынғалиев Мексикадағы кәсіпқой бокстағы алғашқы жекпе-жегінде қарсыласын нокаутқа түсірді. Бұл туралы спортшы Instagram-дағы жеке парақшасында хабарлады.  

Жекпе-жек 2017 жылдың 10 қарашасында Мексиканың Канкун қаласында өткен. Мұсаның қарсыласы мексикалық Хесус Видаль болды.  

 

Бұған дейін қазақстандық боксшы алғашқы жекпе-жегін АҚШ-та басқа спортшымен өткізуі тиіс болғанын, бірақ қарсыласы Жемур Эдвардс салмақ өлшеу рәсімінен кейін денсаулығына байланысты кездесуден бас тартқанын жазған еді. 

 

 БАҚ-та Екібастұз қаласының тумасы Мұса Тұрсынғалиев The Heavyweight Factory промоутерлік компаниясымен келісімшартқа отырғаны хабарланған болатын. Айта кетейік, бұл компаниямен тағы бір қазақстандық боксшы Иван Дычко келісімшарт жасасқан.  


Жаңалықтар
0