АСТАНА, 12 қараша – Sputnik. АҚШ президенті Дональд Трамп Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ынмен дос болуға тырысып жүргенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.
"Неге Ким Чен Ын мені «кәрі» деп атап, тіл тигізбекші, мен оған «кішкентай әрі семізсің» деп ешқашан айтпас едім. Мен онымен дос болуға тырысып жүрмін, бәлкім күндердің бір күнінде бұл да орындалар!», — деп жазды Трамп твиттердегі парақшасында.
Бұған дейін екі ел басшылары бір-біріне қорлайтын сөздер айтып, тіл тигізген болатын. БҰҰ мінберінен сөз сөйлеген Трамп Солтүстік Корея лидерін «өзін-өзі өлтірушінің миссиясын орындайтын зымыран-адам» деп атаған еді. Трамп егер Америкаға қауіп төнсе, онда Солтүстік Кореяны жермен-жексен ететінін мәлімдеді.
Ал Ким Чен Ын өз мәлімдемесінде Трампты «есі ауысқан» деп атап, оны тәубесіне түсіруге уәде берді.