АСТАНА, 11 қараша — Sputnik. Астананың сол жағалауында бірнеше нысан апат салдарынан электр жарығынсыз қалды.
Елорда әкімі Әсет Исекешев Facebook парақшасында хабарлағандай, Сығанақ және Ақмешіт көшелерінің қиылысында кабель желісіне зақым келуі салдарынан Бәйтерек, қорғаныс министрлігі ғимараты, "Керуен" сауда және ойын-сауық орталығы, "Изумруд квартал" іскерлік орталығы және Ұлттық кітапхана сияқты ірі нысандарда жарық сөніп қалды.
Қазіргі уақытта аталған учаскеде қала әкімдігі, энергетика басқармасы, апаттық бригадалардың мамандар тобы жұмыс істеп, апат салдарын жоюда.
"Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз", — дейді қала басшысы.