Қоғам

Елбасы Кәмшат Дөненбаеваның отбасына көңіл айтты

© SputnikАқорда
Ақорда - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Социалистік Еңбек ері Кәмшат Дөненбаева 74 жасында дүниеден өтті

АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Кәмшат Дөненбаеваның қайтыс болуына байланысты туған-туысқандары мен жақындарына көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. 

Кәмшат Дөненбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақтың Кәмшаты атанған Дөненбаева дүниеден өтті

Жеделхатта мемлекет басшысының даңқты диқан-механизатор, қоғам қайраткері, Социалистік Еңбек Ері Кәмшат Дөненбаеваның дүниеден өткені туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдағаны айтылған.

"Кәмшат Байғазықызы көп жылдар бойы механизатор болып еңбек етіп, жер жыртып, астық өсіріп, еліміздің өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосты. Кезінде басқа да бірқатар қыздар Кәмшатқа еліктеп, механизаторлық мамандықты таңдап, еліміздегі бүгінгі береке мен молшылықтың негізін қалады.

Бойында қазақ әйеліне тән ақыл мен парасат, еңбекке деген қажыр мен қайрат шебер үйлесім тапқан Кәмшат Дөненбаеваның есімін, оның атқарған істері мен жарқын дидарын қазақстандықтар әрдайым жадында сақтайды деп сенемін", – делінген жеделхатта. 

 

Жаңалықтар
0