Мәдениет

Димаш әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті

© Photo : Instagram Christy ChanДимаш Құдайберген
Димаш Құдайберген - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Димаш Құдайберген Global Shopping Festival-да әлемдік жұлдыздармен бірге қызыл кілем үстімен жүріп өтті

АСТАНА, 10 қараша – Sputnik. Димаш Құдайберген әлеуметтік желідегі парақшасында әлемдік деңгейдегі жұлдыздармен бірге түскен бірнеше суретін жариялады. 

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі, Alibaba Group компаниясының негізін қалаушы қытайлық кәсіпкер Джек Мамен бірге түскен суретін Димаш инстаграмда жариялаған. 

"Қайта қауышқаныма қуаныштымын Джек мырза!", — деп жазған әнші.

Айта кетсек, Димаш жақында ғана Alibaba Group компаниясы ұсынған сыйлықты көрсеткен болатын. Бірақ әнші Джек Маның не сыйлағанын ашып айтпады. 

Бұдан бөлек, Димаш жаһандық сауда фестивалінде америкалық рэп әнші, продюсер Фаррел Уильямс, британдық әнші Джесси Джей және голливудтық актриса Николь Кидманмен бірге қызыл кілем үстінде фотоға түскен.  

Қызыл кілем. Николь Кидманмен. With @nicolekidman #DQ #DIMASH #Dears #Redcarpet

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Ноя 10 2017 в 3:25 PST

With @pharrell See you today evening! #Redcarpet #DQ #DIMASH #Dears

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Ноя 10 2017 в 3:19 PST

With @jessiej See you today in concert. #DQ #DIMASH #Dears

Публикация от Димаш ҚҰДАЙБЕРГЕН (@kudaibergenov.dimash) Ноя 10 2017 в 3:22 PST

Жаңалықтар
0