Қоғам

Михаил Задорнов қайтыс болды

© Sputnik / Евгений Биятов / Медиабанкке өтуМихаил Задорнов
Михаил Задорнов - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Михаил Задорнов 70 жасқа қараған шағында өмірден өтті

АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Ресейдің белгілі сықақшы, жазушысы Михаил Задорнов 69 жасында қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости. 

Әртістің қазасы туралы тележүргізуші Регина Дубовицкая хабарлады. 

Кәмшат Дөненбаева - Sputnik Қазақстан
Қоғам
Қазақтың Кәмшаты атанған Дөненбаева дүниеден өтті

"Иә, шын мәнінде, Михаил Задорнов қайтыс болды. Басқа ештеңе айта алмаймын. Бәрі кенеттен болды", — деді ол. 

Қазан айының басында Задорнов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жылға дейін сырқатына байланысты бірнеше концертін кейінге қалдырып отырғанын хабарлаған болатын. 

Задорнов — жазушы-сықақшы, әзілкеш, актер. Америкалықтардың өмір салты мен мәдениетін сықақтауға негізделген монологтары жұрт арасында ерекше танымалдылыққа ие. 

2016 жылы әртістің мидің қатерлі ісігіне шалдыққаны белгілі болды. 


Жаңалықтар
0