АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Ресей президенті Владимир Путин Солтүстік Қазақстан облысы басшысы Құмар Ақсақаловты "ең дана әкім" деп атады.
Челябинскіде Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумы өтуде.
"Ал енді сөз кезегін, түсінуімше, Қазақстан өңір басшыларының ішіндегі ең данасы – Солтүстік Қазақстан облысы әкімі Ақсақалов мырзаға бергім келеді. Құмар Іргебайұлы, өтінемін", — деді Путин форумда.
"Көп рахмет", — деп жауап берген Ақсақалов форумға қатысушыларға өз өңірінің дамуы және Ресеймен ынтымақтастығы туралы айтып берді.