АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Ozon.ru интернет-дүкені ҚР-да бұғатталғаны туралы ақпарат шыққан бойда, Қазақстанда тыйым салынған кітапты сатуды тоқтатты, деп хабарлады интернет-дүкен өкілі Sputnik Қазақстан агенттігіне.
Бұдан бұрын ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев түсіндіргендей, ескерту жіберілген соң заңға қайшы контент базадан жойылмаса, сайт бірден бұғатталады.
"Кітапты сайттан алып тастадық, Қазақстанның ақпарат және коммуникациялар министрлігіне мәлімет береміз", — деп жауап берді Ozon.ru Sputnik Қазақстан сауалына.
Дүкеннің берген ақпаратына сүйенсек, Қазақстанды қоса алғанда шет елдерге жалпы сатылымның 1% үлесі ғана тиесілі.
Тағы бір бұғатталған ресурс — "Лабиринт" интернет-дүкені, бұғатталу туралы ақпаратты тексеріп жатқанын мәлімдеді.
Айта кетелік, бұдан бұрын қазақстандық қолданушылар eksmo.ru, ozon.ru, labirint.ru, book24.ru сайттарына және pikabu.ru ойын-сауық желісіне кіре алмай қалған еді.
ҚР ақпарат және коммуникациялар министрлігінің мәліметі бойынша, бұл ресурстар Қазақстанда тыйым салынған экстремистік әдебиетті таратқаны үшін бұғатталған.