АСТАНА, 10 қараша — Sputnik. Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жауын-шашын сақталады, батыста ғана ауа райы жауын-шашынсыз, деп хабарлайды Қазгидромет.
Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ, боран, жел – 15-20, Шығыс Қазақстан облысында ұйытқуы – 30 м/с.
Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, желдің екпіні — 15-20 м/с.
Қызылорда, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман.