АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданының тұрғыны Жанат Арыстанов Сириядағы әскери қимылдарға қатысқаны үшін 10 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Уральская Неделя.
Қылмыстық іс материалдарында аталып өткендей, 38 жастағы ауыл тұрғыны шетелдік фирмалардың бірінде жұмыс істеген. Алайда ол көп ұзамай "салафизм" дәстүрлі емес діни ағымының ықпалына түскен.
2013 жылы Арыстанов әйелі мен екі баласын алып, Біріккен Араб Әмірліктеріне көшіп кетеді, кейін Түркияға қоныс аударған.
Сотталушының міндетіне шекараны күзету кірген. Ол сондай-ақ әскери қимылдарға да қатысқан. Алайда біраз уақыттан кейін халықаралық террористік ұйым шариғат заңдарын бұзатынын түсініп, қашып кетуге әрекет жасайды. Алдымен бала-шағасын Түркиядағы қауіпсіз жерге жібереді. Соңынан жақтастарынан әйелі мен балаларына қашып барған. 2017 жылдың мамырында Арыстанов ұсталып, Қазақстан аумағына депортацияланды.
Бүгін Орал қаласының соты Жанат Арыстановтың ісі бойынша үкім шығарды.
– Арыстанов ҚР ҚК 164-бабы 1-бөлімі, ҚР ҚК 233-1 бабы 2 бөлімі, ҚР ҚК 233-4-бабы 1-бөлімі, ҚР ҚК 257-бабы 2-бөлімі бойынша кінәлі деп танылсын, – деп оқыды сот үкімін судья Найля Жүнісова. – Сот оған 10 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындайды.