АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Өскеменде қызметтік көлікте ұйқыны соққан полицейлер жауапқа тартылды, деп хабарлады ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов.
Электронды үкіметтің сайтында жазба қалдырған тұрғындардың бірі оқиғаның 9 қазанда болғанын айтады.
"Chevrolet Cruze қызметтік көлігін мінген полиция қызметкерлері ұйықтап патруль жасауда, осылайша олардың жұмыста салғырттық танытқаны анық. Сізден заңға сәйкес қызметкерлерге қатаң жаза қолдануыңызды сұраймын", — деп жазылған.
Қасымовтың жауабында қызметтік тәртіпті бұзған полицейлердің ШҚО ІІД жергілікті полиция қызметі бастығының бұйрығымен қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылғаны хабарланған.