Мәдениет

"Ғашықпын қазақ жігітке" - Ерке Есмахан "Қайда?" әнінің жалғасын түсірді

© Photo : GAKKU TVЕрке Есмахан "Қайда?" әнінің жалғасын түсірді
Ерке Есмахан Қайда? әнінің жалғасын түсірді - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Әншінің жаңа бейнебаяны шықты

АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Әнші Ерке Есмахан көпшілікке танымал "Қайда?" әнінің жалғасын түсірді. 

Жаңа бейнебаянның жарық көргенін Ерке Есмахан инстаграмдағы парақшасында хабарлады. 

"Ал, құтты болсын! Қайданың жалғасы! Примерно табылды! Парақшамның жоғарғы жағында бейнебаянға сілтеме жазыдып тұр!", — деп жазған әнші. 

"Қайданың" жалғасы "KZ жігіт" деп аталады. Бейнебаянды бір күнде 330 мыңнан астам адам көрген. 

Еркенің "Қайда?" әні тек Қазақстанда ғана емес, шетелде де танымал болған еді. Бұл әнге көптеген видео түсірілді. Маусымда жарық көрген бейнебаянды қазіргі уақытта 37 миллионнан астам адам тамашалаған. 


Жаңалықтар
0