АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. "Сапаржай-Астана" ЖШС электронды сауда алаңында 1 миллиард теңгеге сатылды.
"Сапаржай-Астана" ЖШС акцияларын 100% сату Қаржы министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік мүлік реестрінің веб-порталында жүзеге асырылды.
Сапаржай 1 миллиард 005 миллион 151 мың 125 теңге 94 тиынға сатылды. Сатып алушы туралы ақпарат жарияланған жоқ.
"Сапаржай" автовокзалы ескі теміржол вокзалының қасында орналасқан.