14 жасар баланың айтуына қарағанда, бұл туа біткен кемістік емес, табанды жаттығулардың нәтижесі. Ол алты жасында голливудтық фильмдердің бірінде басын осылай бұрай алатын актерге тәнті болған. Осыдан кейін ол тұрақты түрде жаттығып, бірнеше айдан кейін өз мақсатына жеткен.
Анасы әуелде Самирге ондай жаттығулар жасауға тыйым салмақ болады. "Бірақ уақыт өте келе анам мұның Алланың құдіреті екенін түсінді", — дейді жасөспірім.
Самир әкесі ауырып қалған соң мектепке баруды қойып, отбасына көмектесу үшін қазір Dangerous Boys би тобында өнер көрсетіп жүр.