АСТАНА, 9 қараша — Sputnik. Атырауда қоқыс арасынан кесілген бастар табылды, деп хабарлайды КТК.
Сиырлардың барлығының тілдері кесіліп алынған. Және құлақтарында сырғалары да бар. Қанның әлі қатпағанына қарағанда, сойылғандарына да әлі көп уақыт өте қоймаған секілді. Қазіргі уақытта табылған бастардың барлығы жойылған, яғни өртелген.
Ал, 30 сиырдың құлағындағы сырғалары бойынша олардың кімге тиесілі екендігі анықталып жатыр. Әзірге сойылған малдардың кейбірінің иесі табылыпты. Олар сиырларын сатып жібергендерін айтқан.
Дегенмен, осы дерекке қатысты тәртіп сақшылары ұрлық бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.