Қоғам

Астана мен Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланды

© AFP 2024 / Sam YehКүшті жел
Күшті жел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Синоптиктер жел күшейіп, боран соғады және көктайғақ болады деп болжап отыр

АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. Астана қаласы мен Ақмола облысында дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет".

Ақмола облысында 9 қараша күні оңтүстік батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен соққан жел солтүстік батысқа ауысады, екпіні 25 м/с-ке жетеді. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасындатып, көктайғақ болады.   

Синоптиктер ертең Астанада да 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжап отыр, жаяу бұрқасындатып, көктайғақ болады.  


Жаңалықтар
0