АСТАНА, 8 қараша — Sputnik. КСРО халық әртісі Людмила Гурченконың қызы Мария Королева қайтыс болды, деп хабарлайды РИА Новости.
Мария Королева 59-ға қараған жасында қайтыс болды.
"Жүректен кетті. Білуімше, оның қазасы кенеттен болды", — деген Королеваның адвокаты Шота Горгадзе жерленетін күннің әлі белгіленбегенін айтты.
Королева — Гурченко мен оның екінші жолдасы тарихшы Борис Андроникашвилидің қызы.
Горгадзенің айтуынша, туыстары қызын анасының жанында Ваганьков зиратында жерлегісі келеді, бірақ ол жерден орын алу қиын.